Павлодар облысында дүкен тонаған күдікті полицей болып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында дүкен тонаған күдікті полицей болып шықты

12.03.2021

Қолына қару алып, дүкен тонаған күдікті полиция қызметкері болып шықты. Павлодар қаласының іргесіндегі Кенжекөл ауылында желілік полиция бөлімінің қызметкері алдымен бір дүкенге кіріп, кассадағы 120 мың теңгені алып кеткен. Іңір түскен соң орталықтағы ірі дүкенге барады. Алайда, сатушы қыз қару тақаған ұрыны бас-көз демей төпелей жөнеледі. Бұл оқиға дүкен ішіндегі бейнекамераға түсіп қалған. Келесі күні күдікті ұсталды, қазір қамауда отыр. Ал, Павлодар станциясы желілік полиция бөлімінің бастығы мен орынбасары жұмыстан қуылды. Одан бөлек тағы 8 офицер тәртіптік жауапқа тартылды.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу