Ұлттық банк: Қаржы нарығын тұрақтандыру үшін барлық шаралар қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк: Қаржы нарығын тұрақтандыру үшін барлық шаралар қабылданады

10.03.2022

Бүгін доллар таңертеңгі саудада бір жарым теңгеге арзандап, кешкі сессияда қайта қымбаттады. Қазір АҚШ валютасы 510, еуро 559 теңге 20 тиын, рубль - 3 теңге 98 тиын.

Қаржы нарығындағы ахуалға қатысты бүгін Ұлттық банк төрағасы мәлімдеме жасады. Ғалымжан Пірматов санкцияның салдары Қазақстанға ауыр тимес үшін интервенция жасау секілді, қажетті шаралар қабылданады деді. Айтуынша соңғы 6 жылда бір рубль 1,5-6  теңгеге тең еді. Енді екі валюта жақында басқа тепе-теңдік құнын табады деді. Мұнай бағасы да құбылып тұр. Кеше баррелі 130 долларға дейін өскен қара алтын құны таңертең 12 пайызға арзандады. Бұған АҚШ-тағы Біріккен Араб Әмірліктері елшісінің мәлімдемесі себеп. Ол мұнай өндірісінің артатынын және тапшылық болмайтынын мәлімдеген.

Айта кетейік Қазақстан шетелдерге мұнайды Ресей арқылы тасымалдауды жалғастыра береді. Бұған қазіргі санкциялар ешқандай шектеу қоймайды.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу