Жапон компанияларының акциялары көтерілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапон компанияларының акциялары көтерілген

17.03.2023

АҚШ пен Еуропада проблемалық банктерді құтқаруға ондаған миллиард доллар жұмсалғаннан кейін әлемге төнген қаржы дағдарысы сейілді. Ал инвесторлар мен клиенттерде қаржы ұйымдарына сенім қайта пайда болған. Соңғы мәліметке қарағанда, Азияның акциялар нарығы өсіммен ашылды. Мәселен, бүгін Жапонияның «Никкейі» 0,5 пайызға, Шанхайдың «Композиті» 0,6 пайызға, Гонконгтің «Хансені» 1,2 пайызға, Кореяның «Коспиі» 0,4 пайызға көтерілген. Айта кетсек, бұл индекстер мыңдаған компанияның құнды қағаздарының орташа бағасын көрсетеді. Ал, Еуропада Швейцарияның «Кредит Сюиз» банкінің акциялары 19 пайызға қымбаттап отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу