Шымкент қаласында нөсер жауын болып, шаһардың бірқатар аймақтары су астында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласында нөсер жауын болып, шаһардың бірқатар аймақтары су астында қалды

10.03.2022

Бүгін түнде Шымкент қаласында нөсер жауын болып, шаһардың бірқатар аймақтары су астында қалды.

Қаланың Ташкент, Ленгер бағытына шыға беріс көпірлердің асты тізеден келетін су болғандықтан көліктің жүруі баяулап, қозғалыс қиындады. Кемерінен асқан су сол маңдағы нысандардың ішіне енген. Сондай-ақ тұрғындар нөсер жауын көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесін де су толтырып кеткенін айтады. Су сору жұмыстарын үйлестіру бойынша жедел штаб құрылды. Төтенше жағдай қызметінен көмек сұраған 39 мекен жайға құтқарушылар мен арнайы құралдар жіберілді. Жалпы су сору жұмыстарына төтеншеліктердің 70 құтқарушысы мен 20 техникасы, 32 мотопомпасы жұмылдырылды. Түнгі сағат 11 жарымға дейін қауіпті аймақтардан 465 текше метр су сорылды.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу