Қазалы ауданында әккі барымташылар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазалы ауданында әккі барымташылар ұсталды

09.03.2022

Қызылорда облысы, Қазалы ауданында әккі барымташылар ұсталды. Олар жайылымда жүрген жылқыларды ұрлап, егістік алқапта бірден сойып алған.

Осылайша жәбірленушіге 1 миллион 400 мың теңге залал келтірген. Бірақ, полиция оқиғаның ізін суытпай үш күдіктіні қолға түсірді. Үшеуі де жұмыссыз, облыс тұрғындары екені анықталды. Қазір ұрылар қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу