Орал өңірінде барымташылар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал өңірінде барымташылар ұсталды

18.03.2021

Орал өңірінде барымташылар тобы ұсталды. Қылмыскерлер бірнеше айдан бері Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары шектескен елді мекен аумақтарынан жылқы ұрлап келген. Тіпті далада жайылып жүрген малды мылтықпен атып, сойып алатын болған. Ұрыларды анықтау оңайға соқпады. Ол үшін арнайы жедел шара әзірленіп, бірнеше күн бұрын барымташылар құқық қорғаушылардың құрығына түсті.

Ерлан Арыстанов, БҚО криминалдық полиция басқармасының бастығы:
Мал ұрлығын жасағаны үшін облысымыздың үш азаматы ұсталды. Олар қазіргі таңда қамауға алынып, тағы да ашылмаған мал ұрлығы фактілері бойынша тексерілуде. 188/1 бабымен іс қозғалып, тергелуде.


Хабарламаларға жазылу