Қарағанды облысында барымташылар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында барымташылар ұсталды

25.02.2019

Тәртіп сақшыларының айтуынша, олар бірнеше топқа бөлініп жұмыс істеген. Біріншісі далада жайылып жүрген 14 бас ірі қараны ұрласа, екінші топ ауыл-ауылды аралап, қорада тұрған малды қолды қылған. Ал, тағы бір топ өрістегі үйір жылқыны айдап кеткен. Шығын көлемі бірнеше миллион теңгеге бағаланып отыр.

Тергеу барысында барымташылар тобының Павлодар облысы аумағында болған 16 ұрлыққа да қатысы бары анықталды. Қазір 10 адам қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

Жанатай Сембеков, Полиция департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

- Барымташылардың үш тобы ұсталып, 10 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Атап айтар болсақ, «Барымта» жедел алдын алу шарасы барысында бұрын болған 20 қылмыс ашылып, рейдтік іс-шаралар арқылы мал етін заңсыз тасымалдаудың 23 фактісі анықталды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу