«Сен тіккен өлең туы жығылмайды»
Халық ақыны Фариза Оңғарсыновамен қоштасу рәсімінде ақын Серік Тұрғынбекұлы арнау оқыды.
Айта алмай бір-біріне ақыл құрап,
Қамығып қайран елің жатыр жылап.
Өледі бұл дүниеде адам ғана,
Өлмейді ешқашанда ақын бірақ.
Жан апа, жұлдыз толы аспан едің,
Тамшылап түсіп жатты тасқа өлеңің,
Фариза, Фаризажан деп жылаған,
Халықтың жанарынан жас көремін.
Жайықтың алтын зерлі жағасы едің,
Кең жатқан Маңғыстаудың даласы едің.
Қолыңа қалам ұстап өлең жазған,
Қазақтың қыздарының анасы едің.
Қоршаған жаудың өзін айласымен,
Айбынды айбатыңмен айға асып ең.
Қаламмен жазған жоқсың сен өлеңді,
Жаздың сен Махамбеттің найзасымен.
Қалың қол шыға келсе, жасақталып,
Солармен кетуші едің қоса аттанып.
Солардың арасында озық тұрған,
Әбішке қараушы едің масаттанып.
Ақынның сол ғой нағыз кереметі,
Сөнбейді кеудесінде өлең оты.
Өзімен пенделігі бірге кетіп,
Артында қалды мәңгі өнегесі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
10.02.2026, 21:54
Deutshe bank: Алтынның бір унциясы 6 мың долларға жетуі мүмкін
10.02.2026, 21:21
Түркістанда көпірді су шайып кетті
10.02.2026, 21:17
Жаңа Конституция – заман талабы
10.02.2026, 21:11
«Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын талқылады
10.02.2026, 21:08
Жаңа Конституция жобасын референдумға шығару ұсынылды
10.02.2026, 21:06
Жаңа Конституция жобасына қосымша нормалар енгізілді
10.02.2026, 20:41
Тимур Сүлейменов: Халыққа несие беру азаяды
10.02.2026, 20:38