Ресейдің SWIFT халықаралық төлемдер жүйесінен ажыратылуына қатысты Ұлттық банк мәлімдеме жасады
Ресейдің SWIFT халықаралық төлемдер жүйесінен ажыратылуына қатысты ұлттық банк мәлімдеме жасады. Қаржы органы нақты уақыт режимінде әр ел үкіметтерінің, орталық банктері мен қаржы ұйымдарының ресми мәлімдемелерін қадағалап отырады. Сондай-ақ Ресейге қарсы жаңа санкциялардың Қазақстанның қаржы жүйесіне ықпал ету дәрежесін бағалайды. Таңертең елдегі ірі екі қаладағы айырбастау пунктерінде шетел валютасын сату және сатып алу тоқтатылды. Дегенмен, сағат 3-тен бастап жұмыстары қайта жанданды. Бірақ, долларды сату әлі де мүмкін болмай тұр. Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 495 теңгеге дейін көтерілді. Сарапшылар геосаяси жағдай тұрақталмай, валюта нарығы оңтайланбайды дейді.
Андрей Чеботарев, тәуелсіз қаржы сарапшысы:
Қазір халыққа сабыр сақтап, артын күту қажет. Ресейдің SWIFT жүйесінен ажырауы біздің мемлекетімізге де айтарлықтай әсерін тигізеді. Себебі, көрші елден келетін импорт көлемі айтарлықтай үлкен. Қазір барлық мәселе екі ел арасындағы әскери қақтығысқа байланысты. Сондықтан болжам жасау қиын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27