Рубль тарихи минимумға дейін құлдырап, базалық ставка көтерілді
Ресей рублі бүгін тарихи минимумға дейін құлдырап, доллар мен еуроның қасында 30 пайыздай құн жоғалтқан. АҚШ доллары 113, ал еуро 127 рубльге дейін қымбаттады. Ресей Орталық банкі болса, базалық мөлшерлемені 20 пайызға дейін көтерді. Мұндай өзгерістерге Ресейдің Украинадағы әрекетіне қарсы енгізілген санкциялар ықпал етіп отыр. ЕуроОдақ Ресей Орталық банкінің активтерін бұғаттау туралы шешім қабылдап, Мәскеуді интервенциямен рубльді күшейту мүмкіндігінен айырды. Бұған қоса, Ресейдің бірнеше банкін SWIFT халықаралық төлем жүйесінен ажырату туралы шешім қабылданды. Батыстың бұл қадамынан Ресей банктерінің 70 пайызы зардап шегіп, олардың шетелден валюта аудару операциялары тежелейін деп отыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27