Астанада оқушылар арасында шығармашылық байқау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада оқушылар арасында шығармашылық байқау басталды

19.09.2022


Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы қарсаңында оқушылар арасында «Ахмет және Ұлттық болмыс» атты республикалық шығармашылық фестиваль басталды. Байқау 19 қыркүйек - 20 қазан күндері аралығында өткізіледі. Кеше басталған шараның мақсаты - Ұлт ұстазының құнды мұраларын дәріптеп, .ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу. Сондай-ақ, аталған байқау барысында драматургиялық қойылымдар, Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын насихаттауға бағытталған челлендждер мен ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

Алтынбек Нухұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Мектеп оқушыларының арасында Ахмет кім, Ахмет ұлы ұстаз ретінде қандай өшпес іздер қалдырды соны біз оқушыларға дәріптей білсек. Ахаңа арналған жанкештілікпен сүйе білу, ұлтын сүюде жасаған істерін айтып өтсек деген ниетпен жасалған іс-шара. Алдағы айларда Түркия астанасы Анкара да, сосын Астана мен Алсматыда ескерткішьері бой түзейді.

Хабарламаларға жазылу