Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы: Республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл. Аталған мерейтой аясында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауы өтті. Байқауға кәсіби журналистер, сайттың қызметкерлері, журналистика және филология ғалымдары қатысты. Олардан еліміздегі және шетелдердегі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған қазақ тілін дамыту, сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлының тілтану жөніндегі ғылыми, шығармашылық материалдар мен әдебиеттану жөнінде материалдар қабылданған. Барлығы 75 үміткерден 153 жұмыс келіп түскен. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар «Үздік мақала», «Үздік теле және радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша озық деп танылды.
Шапағат Әбдірұлы, байқау жеңімпазы:
Мұндай болады деп күткенде жоқпыз. Тарыдай ғана талантымызды бағалап, өзіміз кішкентай ғана жерден келіп отырмыз. Осы орайда алып отырған бәйгем үшін қуаныштымын. Екі мақаламды жарияладым. Бірі ауыз әдебиетіндегі емес, ауыз екі тілдегі балалардың тілін қалай таза сақтап қаламыз деген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06