Бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға арналған бағдарлама қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға арналған бағдарлама қабылданады

25.02.2022

Олимпиадалық резервке кіретін спортшылардың саны еселеп артуы тиіс. Бұл туралы 24-ші Қысқы Олимпиада ойындары қорытындыланған отырыста айтылды. Бейжіңде өткен байрақты бәсеке спорт саласында қордаланған мәселелердің бар екенін тағы бір мәрте көрсетті. Ақ ойындар нәтижесі - соның айғағы, деді жиынға қатысушылар. Спорт мектептері оқушыларының төрт-ақ пайызы қысқы спорт түрімен айналысады. Жаттықтырушылардың да жағдайы мәз емес. Жалақылары төмен. Бапкерлердің көбі зейнет жасына таяп қалған. Сондықтан алдағы жылдары кадр тапшылығына тап болуымыз әбден мүмкін. 4 мыңнан астам спорт төрешісінің 10 пайызында ғана, халықаралық санаты бар. Ал Олимпиадада елдің атынан төреші болуы да маңызды. Сол себепті бұқаралық және кәсіби спортты қатар дамыту үшін жаңа бағдарлама қабылданбақ.

Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Қазір бізде Олимпиадалық резервке мың бала ғана кіре алады. Бұл жеткіліксіз. Қазір ол мың-ақ бала 170 спорт түрінен. Ол жеткіліксіз. Сондықтан 1 мыңнан 3 мыңға дейін көбейтеміз. Олимпиадалық резервке кірсе, ол жалақысын алады, жаттығулары болады. Біз сонда Олимпиадаға дайындаймыз.


Хабарламаларға жазылу