Биыл түркі әлеміне ортақ ақын Мақтымқұлы Пырағының туғанына – 290 жыл. Белгілі шайырдың мерейтойына орай бүгін Еуразия Ұлттық университетінде халықаралық конференция өтті.
«Мақтымқұлы және дәстүрлі түркі поэзиясы» тақырыбында ұйымдастырылған басқосуда қалам иесінің өмірі мен шығармашылығы туралы айтылды. Сондай-ақ, оның түркі әлемі әдебиетінің дамуына қосқан үлесі талқыланды.
Жиналғандар «ақынның терең пәлсапалық ойға толы жырлары оқыған жанды адамгершілікке үндейді. Елжандылық тақырыбындағы өлеңдері терең мәнге ие. Сондықтан, жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде ақын шығармашалығының маңызы зор», деген пікір білдірді.
ТҮРКСОЙ ұйымының шешімімен биыл Мақтымқұлы Пырағы жылы болып белгіленді. Осыған орай әлемнің отыз елінде ақынның мерейтойы аталып өтті.
Мырзатай Жолдасбеков, филология ғылымдарының докторы, профессор:
Махаббат туралы да мөлдіретіп жазады, кісілік туралы да. Жалпы, отансүйгіштікке арналған, туған жерге деген төгіліп тұрған махаббаты осы жырлары, поэзиясында анық көрінеді. Мақтымқұлының жырларын, ақылсөздерін аударып, жастарға үлгі ету керекпіз.
Гүлжан ОМАРОВА