Жамбыл облысында егістік алқаптарды суару үшін каналдар жетіспейді
Жамбыл облысында егістік алқаптарды суару үшін каналдар жетіспейді. Сондай-ақ, ауылішілік жолдардың да жоқтығы халықты әбден мезі еткен. Өңірдегі бірқатар аудандарды аралаған мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген халықтың мұң-мұқтажы мен талап тілегіне құлақ асты. Сарысу ауданы Жаңаарық, Ақтоғай ауылдарында қоғамдық қабылдау өткізді. Кездесуде жолдың проблемасын көтерген тұрғындар, жаңбыр жауса лай кешіп, жаз бойы шаң жұтып жүрміз, дейді. Шу ауданындағы шаруалар болса, суармалы егістіктерді қалпына келтіру мәселесін көтерді.
Мейрамбек Төлепберген, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
Шулық ағайындардың арасынддағы айтылған мәселелердің ішіндегі ең өзектісі, су проблемасы екен. Каналдарды қазу немесе сол ағынды сулармен қамтамасыз ету, елді алаңдатып отыр. Әлеуметтік жағдайға келгенде газ құбырын тартуда халықтың өкпе-ренішін де естідік. Осының бәрі біздің назарымызда болады, қоғамдық қабылдаулар өткіздік.
Нұрдос Сембек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Олимпиадаға қатысатын ұлттық құрама жасақталды
19.01.2026, 20:40
Таразда оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін
19.01.2026, 20:37
Павлодарда «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында жаңа білім ошағы ашылды
19.01.2026, 20:35
Робот-хирург тізе буынын ауыстыру операциясын жасады
19.01.2026, 20:33
Жамбыл облысында шекарада мобильді инспекциялық-тексеру кешені іске қосылды
19.01.2026, 20:31
Шымкентте 75 адамның мүгедектік туралы құжаттары күмән тудырды
19.01.2026, 20:28
Суперкомпьютер не үшін қажет?
19.01.2026, 20:24
ЖИ туралы заң толық күшіне енді
19.01.2026, 20:21