Бөкей ордасы ауданында жолды қар суы шайып кетті
Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында еріген қар суы жолды шайып кетті. Бұл бағыттағы жол жабылған.
Ардақ Мұратқызы, Тілші:
Оқиға Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылының маңында болған. Еріген қар суы республикалық жолдың екі бөлігін бұзып өткен. Әрі жаңбырдан кейін жол езіліп, ми батпаққа айналған. Тіпті, жолда көмекке келген тракторлар да батып жатыр. Айта кетейік, бұл аумақта асфальт жабынды жол жоқ. Жолаушылар, жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық мекемелердің күшімен жол жиегіне 40 қап төселіп, судың ағысы тоқтатылды. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бұл тек жолдың бір бөлігінде, яғни 157- шақырымында істелген жұмыс. Ал екінші бөлігінде қалпына келтіру жұмысы жалғасып жатыр. Бөкей ордасы ауданы Оралдан 500 шақырым қашықтықта орналасқан. Әлі күнге дейін қатқыл табанды жол салынған жоқ. Республикалық маңызы бар жол құрылысы былтыр аяқталуы тиіс еді. Алайда, түрлі себептермен жол құрылысы келесі жылға ысырылды.
Сондай-ақ ауа райына қатысты тағы бір ақпарат - Шығыс Қазақстанда бүгін қар көшкіні болуы мүмкін. Құтқарушылар таулы аудан тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12