Алматыда белгілі ақын, ғалым Олжас Сүлейменовтің арт-альбомы жарық көрді. Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымымен жарық көрген туынды «Олжас Сүлейменовті оқи отырып» деп аталады. Салтанатты шараға Түркісой ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты. Оқырманға таныстырылған шығармаға Олжас Сүлейменовтің өлеңдерімен қатар, ақынның шығармаларынан шабыт алған суретшілердің туындылары енгізілген. Ұйымдастырушылар осындай кітаптар арқылы түркі әлемінің тұлғаларын әлем танитын болады дейді. Автордың сөзінше бұл адамзатты бірлікке, ынтымаққа шақырады.
Олжас Сүлейменов, ақын, Қазақстанның Халық жазушысы:
Бұл жердегі басты мақсат – әртүрлі мәдениетті, халықты бір-біріне жақындату. Дәл осындай арт-альбом ұйымның қолдауымен Абай Құнанбайұлына және Үш арысқа дайындалған болатын. Менің шығармаларым халықты ауызбіршілікке шақырып, жақсылыққа үндейді.