Солтүстік Қазақстанда су таратушы компания заңсыз субсидия алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда су таратушы компания заңсыз субсидия алған

23.02.2022

Солтүстік Қазақстанда коммуналдық қызмет көрсетуші компания заңсыз субсидия алған. Мекеме директорына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Кәсіпкер демеуқаржы алу үшін заңды тұлғалар пайдаланған су туралы құжаттардағы көрсеткішті төмендетіп, халық тұтынған тіршілік көзінің көлемін көбейтіп жазған. Қазір өңірдегі ауыл тұрғындары үшін бекітілген тариф бойынша судың текше метрі 40 теңге болса, заңды тұлғалар үшін 800 теңге.

Виктория Алпеева, СҚО экономикалық тергеу департаментінің басқарма жетекшісі:

 Халықты ауыз сумен қамтамасыз етуші компаниялар қатарында мемлекеттен субсидия алатындар бар. Тергеуге іліккен серіктестік басшысы демеуқаржыны көбірек алу үшін құзырлы органға бұрмаланған ақпарат жолдаған. Заңды тұлғалар тұтынған су көлемін 25 мың текше метрге кемітіп көрсетіп, 20 млн теңге көлемінде субсидия алған

Элмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу