Петропавлда тұтынушылардан заңсыз төлем алған монополист ісі сотта қаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда тұтынушылардан заңсыз төлем алған монополист ісі сотта қаралады

22.12.2021

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жылу таратушы компанияны сотқа берді. Оған монополистің тұтынушыларды жылу тасымалына кеткен шығынды өтеуге міндеттеуі себеп.

Орталықтандырылған желіге қосылған жер үйлердің иелеріне таратылған түбіртектерде «жылу шығыны» деген қосымша баған пайда болған. Оған сай тұтынушы монополистке 50 мың теңгеге дейін қарыз болып шықты. Мұндай төлем жасауға қарсылық танытқан көпшілік тиісті органдарға шағымданған.

Айқын Жиенқұлов, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО департаменті басшысының орынбасары:

Монополист компаниямен жиын өткіздік. Бірақ заңсыз әрекет тыйылмады. «Жылу шығындары» түбіртектерден алынып тасталған жоқ. Оны тасымалдаушы компания өзі өтеуге міндетті. «СевКазЭнергосбыт» серіктестігінің бұл әрекеті заңсыз. Сондықтан сотқа шағымдандық. Мақсатымыз тұтынушылардан заңсыз алынған ақшаны қайтару.


Петропавл монополист

Хабарламаларға жазылу