БҚО-да 158 млн теңге субсидия заңсыз төленген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да 158 млн теңге субсидия заңсыз төленген

12.12.2023

158 млн теңге субсидия заңсыз төленген. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының прокуратурасы «Мясная Индустрия» серіктестігінің 158 млн теңге субсидияны заңсыз алғанын анықтады. Кәсіпорын 5 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын салу үшін мемлекеттен қаржы алған. Бірақ тексеріс барысында құжаттары түгел болмай шықты. Әрі нысанда инвестициялық жобаға жатпайтын өзге ғимараттар мен құрылыстар салынған. Серіктестік сатып алған 853 бас асыл тұқымды ірі қараның 536-сы, өңірден тыс басқа қожалықтарға жалға берілгені анықталды. Мемлекетке келтірілген 158 млн теңге толығымен өндірілді.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу