Әлемдегі ең ірі құлпынай рекордтар кітабына енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең ірі құлпынай рекордтар кітабына енді

18.02.2022

Израильдің Кадима қаласында өсірілген құлпынай ірілігі жағынан Гиннестің рекордтар кітабына енді. 289 грамм жидекті Чахи Ариэль есімді фермер өсірген. Агрономдардың сөзінше, құлпынайдың осыншама масса жинауына суық ауа райы әсер етсе керек. Соның ықпалынан жеміс тез піспей, ірілене түскен. Әдетте мұндай сортты құлпынайдың салмағы 60 граммға жетеді. Бұған дейінгі рекорд Жапонияда өсірілген массасы 250 грамдық құлпынайға тиесілі еді. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу