ШҚО-да 2 дәрігердің өмірін қиған жол апаты бойынша сараптама жүргізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да 2 дәрігердің өмірін қиған жол апаты бойынша сараптама жүргізіліп жатыр

12.03.2021

Ақтөбе облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты.

Полиция департаменті мамандарының хабарлауынша, Мұғалжар ауданы Ақкемір кентінің маңында «Honda» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Сөйтіп, Темір аудандық ауруханасына тиесілі «УАЗ» автокөлігіне соғылған. Оқиға салдарынан жеңіл көлікте болған 54 жастағы жолаушы қаза тапты.

Ерболат Сарқұлов, Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
«Honda CRV» автокөлігінің жүргізушісі мен «УАЗ» жедел жәрдем автокөлігінің медбикесі ОАА-ға жатқызылды.Қазіргі таңда осы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Осыған ұқсас жағдай бір ай бұрын Шығыс Қазақстан облысында да болған. «Өскемен-Семей» тас жолында жүк көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, жедел жәрдем көлігіне соғылған. Апат салдарынан екі медицина қызметкері оқиға орнында көз жұмған еді. Қазір іс өндірісте. Әлі сараптама жүргізіліп жатыр.

Жақсыбек Кемал, Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу