Алматы облысы аудандары мен қалаларының мәдениет күндері өтті
Бірлік түбі - береке. Алматы облысы Жамбыл ауданының орталығы -Ұзынағашта Талғар, Қарасай, Жамбыл аудандарының мәдениет күні өтті.
9 жылдан бері жыл сайын өткізілетін бұл шараның негізгі мақсаты - үш ауданның халқы мен өнерпаздарын біріктіріп, жастарға үлгі көрсетіп, рухани тәрбие беру.
Мәдениет күні аясында Үмбетәлі Кәрібаевтың, Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов пен Ораз Жандосовтың, құлагер ақын Ілияс Жансүгіровтің, қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің, Кеңес одағының батыры Мұсабек Сеңгірбаевтің, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың мерейтойларына сәйкес, олардың еңбек жолдары мен үлгі болар өмірі насихатталды.
Серік Мұқанов, Алматы облысы әкімінің орынбасары:
Мәдениет, тілі болмаса елдің келешегі болмайды. Біз міне, осы үш-төрт жылдың ішінде жергілікті ақын-жазушылардың қолтаңбаларын шығару үшін 500 миллоннан артық ақша бөлдік. Мәдени ошақтарын жөндеу үшін 800 миллион биылдың өзінде бөліп отырмыз. Негізгі мақсатымыз - Елбасы айтқандай «Мәңгілік ел». Мәңгілік ел боламын десең, ынтымақ пен берекеңді түзе дейді.Сол береке-бірлікті көрсету үшін үш ауданның басын қосып, жетістіктерін көріп жатырмыз.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Шетелде білім алып, елге оралу керек»
14.09.2026, 23:14
Ертең үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогы басталады
14.09.2026, 20:28
Елена Рыбакина – Әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 20:28
Атырауда садақ атудан Әлем кубогы өтіп жатыр
14.09.2026, 20:25
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 20:23
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаға 5,7 млрд теңге бөлінді
14.09.2026, 20:18
ШҚО-да Құс фабрикасы өз қаражатына саябақ салып берді
14.09.2026, 20:18
Қазақстан экономикасы бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына енді
14.09.2026, 20:10