Жастар корпусын дамытуға арналған ұшқыр жоба іске аспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар корпусын дамытуға арналған ұшқыр жоба іске аспақ

29.03.2017

Павлодар, Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында  жастар корпусын дамытуға арналған ұшқыр жоба іске аспақ. Оған 18-ден 29 жасқа дейінгі қыз-жігіттер қатыса алады.

Ол үшін алдымен, қандай да бір кәсіпті бастауға арналған бизнес-жоспар құрып, Жастар корпусын дамыту жобасының үйлестіру агенттігіне ұсыну қажет.

Бұл жұмыстар конкурстық негізде іріктеледі. Содан кейін тәлімгер-кеңесшілер жобаға қатысушылармен сабақ өткізіп, 5 ай ішінде кәсіпті бастап беруге көмектеседі.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу