Балқашта 15 туристік жоба іске аспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқашта 15 туристік жоба іске аспақ

19.06.2017

Елімізде ЕХРО халықаралық көрмесінің өтуіне байланысты Балқаш көліне келушілер жылдағыдан көп болуы тиіс. Жағалауға демалыс орындарын салу, олардың жұмысын жандандыру елімізде туризмнің дамуына сеп болмақ. Биыл көкше көлдің айналасында 15 туристік жоба жүзеге асырылмақ. Бүгінде соның бірқатары өз жұмысын бастап та кетті. Өлке туризмін дамытудың келелі мәселелерін мамандар арнайы өткізілген форумда талқылады.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу