Асқар Мамин инвестициялық штаб отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Мамин инвестициялық штаб отырысын өткізді

15.09.2021

Іле Алатауы, Шарын, «Көлсай көлдері», «Алтын Емел» сияқты мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің инфрақұрылымы дамиды. Оларды қайта жаңғырту бойынша бірнеше жоба жүзеге аспақ. Бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында Экологиялық туризмді дамыту мәселелері қаралды. Жиында Жамбыл облысындағы Тасөткел магистралды каналын, Үлкен Алматы арнасын, Алматы облысының су шаруашылығы жүйелерін қайта жөндеу, Түркістандағы Өгем өзеніне су тартқыш салу жоспарланғаны айтылды. Салаға жауапты ведомства өкілі, негізгі капиталға тартатын инвестициялардың алдағы 4 жылға арналған көлемі 2,5 трлн теңге болатынын жеткізді. Инвестжобалардың дені қоқыс зауыттарын салу мен балық шаруашылығын дамытуға бағытталған.

Хабарламаларға жазылу