ШҚО-да «Zhas project» бағдарламасы аясында 149 жоба жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да «Zhas project» бағдарламасы аясында 149 жоба жасалды

31.01.2019

Шығыс Қазақстанда «Zhas project» республикалық бағдарламасының аясында 149 жоба жасалды. Білім және ғылым министрлігінің жастар корпусын дамытуға бағытталған бастамасы осылайша нәтижелі аяқталған. Оның аясында түрлі тың жобаларды қолға алғандар, тек әлеуметтік маңызды жұмыстармен шұғылданған. Мәселен, денсаулыққа пайдалы табиғи таза өнім өндіру, ауылдарды ғаламтормен қамту, білім беру орталықтарын ашу сынды сан алуан идеяларды іске асырды. Облыс бойынша әлеуметтік жобаларға 500 жас белсенді түрде ат салысқан. Бір жылғы жұмыстарын қорытындылаған белсенділер, өз еңбектерін арнайы көрмеде таныстырды.  

Жандос Қалижаров, «Ақниет» жобасының жетекшісі:

- Көп адамдардың экологияға байланысты денсаулығы нашар. Туберкулез, онкологиялық аурулар көп таралған. Сондықтан, оған ең жақсы пайдасы тиетін - саумал. Денсаулығы нашар адамдарға тегін апарып таратып отырдық. Айына 35-40 адамға таратып отырдық.

Ержан ЖАҚЫП

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу