«Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы Семейге саяхат ұйымдастырды
Ал, Астанадағы «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы биыл үшінші жыл қатарынан ұлы Абайдың туған жеріне саяхат ұйымдастырды.
Елордадан шығып, ұлылар мекеніне бет түзеген топ Павлодарға соқты.
Зиялы қауыммен кездесіп, облыс орталығындағы өлкетану музейінде болды.
Қазаққа Абай, Шәкәрім, Мұхтардай данышпанды сыйлаған Семей топырағын көріп қайтуға бұрын оқушылар барса, осы жолы зиялы қауым өкілдері шығып отыр.
Жолсапар шығынын «Алтын қыран» Халықаралық қайырымдылық қоры көтерді.
Алмахан Мұхаметқалиқызы, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры:
Жылдан-жылға осы сапарға ынталылар көбейіп келеді. Мысалы, біздің құрамға жұртшылық тек Астана қаласынан ғана емес, Қарағанды, Павлодардан, Қызылордадан қосылды. Шымкенттен келмекші. Жалпы, руханиятты тану үшін, қазақтың ертеңі үшін өте қажет екенін халықтың өзі-ақ мойындатып жатыр.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10