Айжан Есмағамбетова Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айжан Есмағамбетова Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер болып тағайындалды

14.02.2022
Айжан Есмағамбетова Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі — Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды.

Айжан Есмағамбетова Алматы мемлекеттік медицина университетін, Қазақстан медицина университетін (Қоғамдық денсаулық сақтау Жоғары мектебі), Алматы менеджмент университетін бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласындағы №7 емханада фельдшер-зертханашы болып бастаған.

1997-2004 жылдары республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының аса қауіпті инфекциялар бөлімінде дәрігер-эпидемиолог, дәрігер-бактериолог, зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеді. Әр жылдары Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында түрлі лауазымды қызмет атқарды.

2020 жылғы қазаннан қазіргі уақытқа дейін ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.


Хабарламаларға жазылу