Коронавирус вакцинасын қарттар мен дәрігерлер бірінші алады

14.08.2020
Коронавирус вакцинасын қарттар мен дәрігерлер бірінші алады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирусқа қарсы вакцина егуде қандай топтағы адамдарға басымдық берілетіні туралы мәлімдеді.

«Бізде қауіпті топтар бойынша жоспарлар бар, олар үшін коронавирус ауруы өте қауіпті. Олар - 60-65 жастан асқан белгілі бір созылмалы аурулары бар адамдар. Сонымен қатар, бұл топқа дәрігерлер де жатады. Өйткені олар ең алдымен пациенттермен және коронавирус жұқпасының белгілері жоқ, бірақ тасымалдаушы болып саналатын адамдарды қарап, байланыста болады. Сондықтан біз вакцинацияға дайындық, вакцинаны таңдау және Денсаулық сақтау министрлігінде вакцинация стратегиясын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізудеміз»,- деді Айжан Есмағамбетова.


Хабарламаларға жазылу