Қазақстанда тағы бір бала қызылша ауруынан көз жұмды
Қазақстанда тағы бір сәби қызылша ауруынан шетінеп кетті. Бұл осымен елімізде тіркеліп отырған екінші дерек. Мұны денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова айтты. Өлім дерегі Астана мен Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Шенеунік 15 баланың жағдайы ауыр екені де жеткізді. Олардың әрқайсысының жағдайы бақылауда деді. Қазір елімізде қызылша ауруына қарсы / балаларға 6 жасқа толғанша екі рет екпе салынады. Ал, шетінеп кеткен екі бала да 1 жасқа, яғни екпе алу жасына толмағандар.
Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары –Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:
«Көп ата-ана екпе салғанша, балам қызылшамен ауырып шыққаны дұрыс деп санайды. Негізі қылшаның өзінен емес, оның асқынуынан қорқу керек. Себебі, қызылша жұқтырған балада 5-7 жылдан кейін «панэнцефалит» пайда болуы мүмкін. Жалпақ тілмен айтқанда баланың миЫ жойылып кетеді. Қызылша әсіресе, 5 жасқа дейінгі балалар үшін қауіпті.»
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түрлі кәсіпті меңгерген қыз-келіншектер
07.03.2026, 20:19
«Қарағанды-Жезқазған» тасжолының құрылысы келесі айда басталады
07.03.2026, 20:11
Халық пікірі: Жаңа Конституция жобасы – мемлекет дамуының жаңа кезеңі
07.03.2026, 20:09
Құтқарушылар ауруханаға жете алмаған сәбиге көмекке келді
07.03.2026, 20:09
Қыз-келіншектер ердің ісін игеріп, өндірістің ауыр жүгін көтеріп жүр
07.03.2026, 20:06
«Су тасқыны-2026» айлығы жарияланды
07.03.2026, 20:06
4700-ден астам қазақстандық елге оралды
07.03.2026, 20:06
Әскери саладағы әйелдер ардақталды
07.03.2026, 20:05