Теріскейде ауыл балалары апатты мектепте білім алып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріскейде ауыл балалары апатты мектепте білім алып жүр

14.02.2022

Солтүстік Қазақстанның Ақжар ауданындағы Кіші-Қараой мектебі апаттық жағдайда тұр. Қабырғасы көгеріп, едені шіріп жатқан ғимаратта 72 бала білім алып жүр. Сонымен қатар шағын орталық жұмыс істейді. 3 қабатты нысан 1978 жылы салынған. Содан бері сылақ көрмеген. Биыл теріскейде 52 мектеп бюджет қаражатына жөнделді. Десе де аймақта әлі 150 білім беру ошағы күрделі жөндеуді қажет етеді.

Нәзір Жәшібеков, СҚО Білім басқармасының жетекшісі:

Шатырдан су ағады. Әсіресе спорт зал жақтан. Сондықтан дене шынықтыру сабақтары кабинетте өтеді. Төбеде екі түрлі жабын бар. Бір жағы жаңбыр суын өткізеді. Сыныптардың барлығы әуесқой түсірілімдегідей емес. Күрделі жөндеу жасау үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Бұл мақсатқа 250 млн теңге қаржы бөлінуі шарт.

Эльмира Кәленова


солтүстік қазақстан ақжар ауданы кіші қара ой мектебі

Хабарламаларға жазылу