Ауғанстанда жанармай таситын 500-ге жуық жүк көлігі өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда жанармай таситын 500-ге жуық жүк көлігі өртенді

15.02.2021

Ауғанстанда жанармай мен газ тасымалдап келе жатқан 500-ден астам жүк көлігі өртеніп кетті. Соның салдарынан 60 шақты адам жараланып, жақын маңдағы елді мекендер электр жарығынсыз қалған. Оқиға Иранмен шекарадағы кеден бекетінде болды. Жарылыстың жойқын болғаны соншалық - НАСА жерсеріктері оны ғарыштан да байқаған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, өрт шығыны шамамен 50 миллион доллар. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр. 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу