«Дакар-2014» жарысында қазақстандық көлік өртеніп кетті
Аргентинада өтіп жатқан «Дакар-2014» ралли-марафонына қатысып жатқан қазақстандық спортшылардың көлігі жарыстың екінші кезеңінде өртеніп, түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлайды sport.gov.kz.
Жарыстың екінші күні спортшылар 789 шақырымдық бәсекеге шыққан. Бауыржан Исабаев пен Ғабдолла Әшімов басқарған «Proto Overdrive» жол талғамайтын көлігінен орта жолда өрт шыққан. Көлік түгелдей өртеніп кеткен, ал жүргізушілері дін аман.
Еске сала кетейік, «Дакар-2014» жарысына Қазақстаннан барлығы 4 экипаж қатысты. Екінші кезеңнің нәтижесі бойынша, Айдын Рахымбаев пен Владимир Демьяненко басқарған көлік мәреге 31-ші болып жетсе, Денис Березовский мен Игнат Фальковтың көлігі 66-шы болып келді.
Ал жүк көліктер сынағында Артур Адавичус, Алекесей Никижев пен Радим Каланекалардан құралған экипаж мәреге 26-шы болып жетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаһан жаңалықтарына шолу
10.06.2026, 20:52
Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
10.06.2026, 20:50
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
10.06.2026, 20:47
Таза көшелерде маңдай тердің табы бар
10.06.2026, 20:46
3 жылда Бибісара Асаубаеваға 700 млн теңге қолдау көрсетілген
10.06.2026, 20:44
Ертең футболдан Әлем чемпионаты басталады
10.06.2026, 20:42
«Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы бекітілді
10.06.2026, 20:14
Ескі үйлер арзандап, жаңасы қымбаттады
10.06.2026, 20:12