Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған веломарафон өтті
Елордада Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған соло веломарафон өтті. Астаналық велошабандоз Ернат Мелсұлы өзінің бастамасымен Қазақстан рекордын жасамақшы. Яғни, бұл - ел тарихындағы алғашқы қысқы марафон. Қайраткердің 150 жылдығына орай әуесқой спортшы 150 шақырымды бағындырмақшы. Қашықтықты 10-12 сағатта еңсерем деп отыр. Велошабандоз шара арқылы ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылығын, одан кейін салауатты өмір салтын насихаттамақ. Айта кетерлігі, болашақ рекорд иесінің велосипеді кәсіби спортшылардікі секілді емес. Жаз маусымы кезінде көпшілікке арналған қарапайым велосипед.
Ернат Мелсұлы, веломарафоншы:
Бұл тек бастамасы. Велошеруді бастағанда мен жыл бойы бізде іс-шаралар өтеді ғой. Студенттердің арасында, жастардың арасында, оқушылардың арасында кездесу өткізіп, шеберлік сабағын өткізіп, презентация өткізіп, насихаттаумен айналысамын. Және бірінші кезекте өзім танимын. Бұл кісі адамзатқа ортақ тұлға. Тек қана қазаққа емес.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12