Өскеменді көк түтін басып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменді көк түтін басып тұр

10.02.2022

Өскемен көк түтінге тұншығып тұр. Екі күннің бірінде қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы екінші дәрежелі ескерту жариялануда. Ауадағы зиянды заттар мөлшері шектік көрсеткіштен бірнеше есе көп. 26 күнде осындай 185 жағдай тіркелді. Кішкентай балаларды далаға шығармауға кеңес берілген.

Жалпы, шығыстың бас шаһары ойпатта орналасқан. Желсіз тымық күндері жергілікті жұрт үйден шықпауға тырысады. Экологтар өлшемі бойынша, ауаға тарайтын улы газдардың тең жартысын автокөліктер шығарады. 35 пайыз өндірістік кәсіпорындарға, қалғаны қазандық пен жер үйлерге тиесілі. Тұрғындардың Өскеменнен көшіп кетуіне экологиялық жағдайдың нашар болуы бірден бір себеп.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу