Қысқы Олимпиада ойындарының бесінші күнінде қазақстандықтар үш спорт түрінен өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қысқы Олимпиада ойындарының бесінші күнінде қазақстандықтар үш спорт түрінен өнер көрсетті

09.02.2022

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының бесінші күнінде қазақстандықтар үш спорт түрінен өнер көрсетті. Бабы келіскендер де, сүрінгендер де бар. Сонымен тау шаңғысы спортынан әйелдер арасындағы слалом жарысында Александра Троицкаяның бағы жанбады. Ол алғашқы мүмкіндігінде мәреге жете алмай қалды. Шыңғыс Ракпаров 79.5 метрге секіріп, қорытынды есепте 69.9 ұпай иеленді. Әзірге жапониялық Риота Ямамото алда келеді. Біздің спортшы көшбасшыдан 4 минут 12 секундқа қалып қойған. Әйелдер арасындағы шорт тректен 1000 метр жарыста сынға түскен Ольга Тихонова да ширек финалға шыға алмады.

1500 метрге жарысудан Қазақстан атынан ерлер арасында екі шорт-трекші ширек финалдық бәсекеге қатысқан болатын. Денис Никиша құлап қалып, ескерту алды. Ал Әділ Ғалиахметов финалға шығып, үздік он спортшының қатарында өнер көрсетті. Бірақ медальға іліге алмады.


Хабарламаларға жазылу