Александр Колядин тағы да додаға түсуге ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Александр Колядин тағы да додаға түсуге ниетті

20.03.2018

Қысқы Паралимпиада ойындарының тарихында Қазақстан үшін алтын медаль алған тұңғыш спортшы Александр Колядин келесі Паралимпиадаға қатысуға ниетті. Шаңғышы бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында айтты. Сондай-ақ, ел үмітін ақтағаны үшін қуанышты екенін жеткізді. Айта кетейік, Қысқы Паралимпиада ойындары наурыздың 9-18-і күндері Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтті. Жарысқа әлемнің 47 мемлекетінен 450 спортшы барған. 6 спорт түрінен 80 медаль тартысқа салынды. Елімізден 6 спортшы екі спорт түрінен бақ сынады. Солардың арасынан Александр Колядин шаңғы жарысынан алтынды алқалаған болатын. 

 Александр Колядин, Паралимпиада чемпионы:

- Ассалаумағалейкум, қазақстандықтар! Мен сіздерді қуанттым деген үміттемін. Сіздерді Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Барынша тырысып, сіздерге жақсы сый әкелдім деп ойлаймын.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу