Қазақстан спортшылары Олимпиада шеруінде жүріп өтті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан спортшылары Олимпиада шеруінде жүріп өтті (ВИДЕО)

04.02.2022

XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында қазақстандық ту ұстаушылар шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен конькиші Екатерина Айдова алаңға тарихи образбен шықты. Спортшылар Сақ патшайымы Томирис пен қазақ батырының бейнесінде шеруде жүріп өтті.

Бейжің Олимпиадасында Қазақстан құрамасынан 34 спортшы қатысады. Олар 8 спорт түрінен бақ сынайды.

Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарының тікелей трансляциясы «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарында жүреді. Тікелей эфирден бөлек, www.qazaqstan.tv  және www.qazsporttv.kz  ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы мен «QazaqstanTV» YouTube арнасынан тамашалауға мүмкіндік бар.


Хабарламаларға жазылу