Ресейде Каспий теңізі жағалауынан табылған өлі итбалықтар саны әлі көбеюі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде Каспий теңізі жағалауынан табылған өлі итбалықтар саны әлі көбеюі мүмкін

07.12.2022

Ресейде Каспий теңізі жағалауынан табылған өлі итбалықтар саны әлі көбеюі мүмкін. Мұны Дағыстан Республикасының табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. 2500-дей су жануарының неліктен қырылғаны анықталып жатыр.

Ал Каспий табиғатын қорғау орталығының айтуынша, итбалықтар өлгеннен кейін екі аптадан соң жағалауға шығып қалған. Және де осы ұйымның дерегінше, бір ғасыр бұрын Каспийде 1,5 миллиондай тюлень тіршілік етсе, қазір олардың саны 70 мыңға дейін азайып кеткен. 

Хабарламаларға жазылу