Миссисипиден қолтырауынға ұқсас өлі балық табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Миссисипиден қолтырауынға ұқсас өлі балық табылды

06.03.2020
Миссисипиден қолтырауынға ұқсас өлі балық табылды

АҚШ-тың Пенсильвания штатының Рандо Тауншип елді мекеніндегі тоғаннан қолтырауынға ұқсас өлі балық табылды. Жергілікті биліктің айтуынша, сауытты балық Мексика шығанағында тіршілік еткен, мұндағы салқын суға шыдай алмаған. 

Миссисипиялық сауытты балық Солтүстік және Орталық Америкада кездеседі. Эоцен дәуірінде пайда болған. Аллигатор шортан деген атпен көпшілікке таныс. 

Миссисипиялық сауытты балық - тұщы суда өмір сүретін ең үлкен балықтардың бірі. Мамандардың айтуынша, оның ұзындығы 3 метрге жетіп, салмағы 130 келіден асуы мүмкін. Олар су бетіне жиі шығып, ауамен тыныс алады. 

Ria.ru

Хабарламаларға жазылу