«Нұр-Сұлтан-1» теміржол вокзалында автотұрақ ақылы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр-Сұлтан-1» теміржол вокзалында автотұрақ ақылы болады

22.10.2021

1 қарашадан бастап «Нұр-Сұлтан-1» теміржол вокзалында автотұрақ ақылы болады. «CTS» көлік компаниясы ескі вокзалдағы тұрақ қызметін төлеу үшін 4 «QIWI» терминалы орнатылғанын хабарлады. Сонымен бірге паркомат, мобильді қосымша, тәулік бойы жұмыс істейтін касса арқылы төлем жасауға мүмкіндік бар.

Ал тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін вокзал алдында тегін тұрақ пен жолаушыларды отырғызу және түсіру аймақтары бар жолақ іске қосылады.


Хабарламаларға жазылу