Алматыда террорлық қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда террорлық қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алынды

07.02.2022

Алматыда лаңкестік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі алып тасталды.

Бұл туралы лаңкестікпен күрес жөніндегі қалалық жедел штаб хабарлады. Қазір қалада ахуал тұрақтанған. Сондықтан бүгіннен бастап шаһар аумағында террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейінің әрекеті жойылды. Дегенмен, «Арнайы және құқық қорғау органдары қызметінің мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастырады. Қалалық жедел штаб өкілдері тұрғындарға түсіністік пен азаматтық жауапкершілік танытқандары үшін ризашылықтарын білдіреді.


Хабарламаларға жазылу