Елімізде 14 өңірде терроризмге қарсы операция аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 14 өңірде терроризмге қарсы операция аяқталды

13.01.2022

14 өңірде терроризмге қарсы операция аяқталды. Лаңкестік қауіптің шекті «қызыл» деңгейі де жойылды. Бұлар Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс, Батыс пен Солтүстік Қазақстан және Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар мен Түркістан облыстарына байланысты. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық жедел штаб осылай мәлімдеді. Ал, Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарында жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және басқа да қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау шаралары іске асырылып жатыр. Тиісінше аталған өңірлерде террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейі сақталады.

Хабарламаларға жазылу