Қазақстандық шаңғышылар Олимпиада ойындарында скиатлоннан сынға түсті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық шаңғышылар Олимпиада ойындарында скиатлоннан сынға түсті (ВИДЕО)

05.02.2022
Қазақстандық шаңғышылар Олимпиада ойындарында скиатлоннан сынға түсті (ВИДЕО)

Қазақстандық шаңғышылар Олимпиада ойындарында скиатлоннан сынға түсті. Ксения Шалыгина мәре сызығын 48-ші болып кессе, Ангелина Шурыга 49-орын алды. Валерия Тюленева 51-орын алса, Надежда Степашкина 58-орында. Енді отандастарымыз 8 ақпан күні спринтте сынға түседі.

Ал Олимпиада чемпионы норвегиялық Тереза Йохауг атанды. Спортшы араға 12 жыл салып 2-рет Олимпиада алтынын алып отыр. Ресейлік Наталья Непряева күміс жүлдегер, ал қола жүлде австриялық Тереза Штадлобердің еншісінде.

Ерлер құрамасынан Виталий Пухкало мен Евгений Величко 6 ақпан күні 30 шақырымдық скиатлоннан жарысқа қатысады.


Beijing 2022. Шаңғы жарысы. Скиатлон (Финал. Әйелдер)

Хабарламаларға жазылу