Бейжің 2022: Фристайл-могулдан әйелдер арасындағы алғашқы іріктеу кезеңі өтті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжің 2022: Фристайл-могулдан әйелдер арасындағы алғашқы іріктеу кезеңі өтті (ВИДЕО)

03.02.2022
Бейжің 2022: Фристайл-могулдан әйелдер арасындағы алғашқы іріктеу кезеңі өтті (ВИДЕО)

Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы фристайл-могулдан алғашқы іріктеу кезеңі аяқталды. Нәтижесінде үздік 10 спортшы финалдық сынға жолдама алды. Бұл сайыста өнер көрсеткен қазақстандық Олеся Граур 23-ші орын алса, Аяулым Әміренова 16-шы орынға табан тіреді. 

 Юлия Галышева ұйымдастырушылар шешімімен екінші іріктеу кезеңінде жарыс жолына шығатын болды. Юлиямен қатар, Олеся Граур мен Аяулым Амренова да келесі кезеңде өнер көрсетеді. Үш спортшының да әлі жүлдеге таласуға мүмкіндігі бар. Екінші кезең жарыстары 6 ақпан күні өтеді.

Аяулым Әміренова (66.82 ұпай) - 16-орын

 Олеся Граур (57.18 ұпай) - 23-орын

 Анастасия Городко (жарысты аяқтаған жоқ)


Хабарламаларға жазылу