Басты Жаңалықтар Бүгін Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар сайысқа түседі

Бүгін Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар сайысқа түседі

Бейжінде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындары кестесіне сай бүгін қазақстандық спортшылар сайысқа түседі. Сағат 15:55-те фристайл-могулдан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінде Анастасия Гродко, Аяулым Әмреева, Олеся Граур мен Юлия Галышева өнер көрсетеді.

Ал сағат 17:40-та ерлер арасындағы іріктеу кезеңі өтеді. Онда Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков бақ сынайды. Жарысты «Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.


Бөлісу