Мәжіліс төрағасы: Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету қажет
Депутаттардың халықпен кездесу форматы қайта қаралады. Мәжіліс төрағасы бүгін халық қалаулыларына осындай міндет қойды. Жаңа төраға тағы қандай мәселелерді көтерді?
Асима Нұрбайқызы, тілші:
Жаңа төрағаның қатысуымен алғашқы отырыс өтті. Ерлан Қошанов депутаттар алдына бірқатар міндет қойды. Негізгісі – халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған барлық бастаманы сапалы заңмен қамту. Алдағы уақытта сайлаушылармен байланыс форматы да өзгеруі мүмкін. Халықтың мұң-мұқтажын білу үшін олармен жиі кездесу керектігін айтты. Осы мақсатта Мәжіліс төрағасы Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуді бірінші кезекке қойды. Халық сайлаған депутаттар – алдымен өз сайлаушыларына жақын болуы керек. Қоғамның үнін естіп, халықтың тілін түсіну және дер кезінде шаралар қабылдау – кез келген келеңсіздіктің алдын алудың негізгі алғышарты екені түсінікті. Сондықтан алдағы уақытта депутаттар корпусының азаматтық сектормен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, әсіресе өңірлердегі қоғам белсенділерімен тығыз байланысын одан әрі жандандырамыз деді. Сонымен қатар отырыста бірқатар заң жобалары қаралды. Айталық, асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша енгізілген өзгерістерді мақұлдады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурыз: Ұлттық құндылықтар қалай дәріптеліп жатыр?
22.03.2026, 20:34
Каспий теңізінің тартылуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
22.03.2026, 20:10
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Сарапшылардың пікірі қандай?
22.03.2026, 20:10
Жаңа Ата заң: Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі?
22.03.2026, 20:05
Президент: Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолға алған жөн
22.03.2026, 20:04
Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен барды
22.03.2026, 20:02
Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтті
22.03.2026, 11:23
Алматы облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланды
22.03.2026, 10:15