Ақмола облысында инфекциялық бөлімшелер 58 пайыз толған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында инфекциялық бөлімшелер 58 пайыз толған

01.02.2022

Ақмола облысында инфекциялық бөлімшелер 58 пайыз толған. Қазір 17 стационарда 704 науқас ем қабылдап жатыр. Ал өңірде барлығы 1205 төсек орын дайындалған.

Қаңтар айында облыста 13868 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Оның жартысына жуығы соңғы бір аптада тіркелді. Өткен айда инфекциялық стационарларда 20 адам көз жұмды. Соңғы күндері дерттің таралуы көрсеткіші біртіндеп төмендеп келеді. Өткен тәулікте 691 адамнан коронавирус инфекциясы табылды.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу