Балалар арасында коронавирус жұқтыру дерегі артты
«Денсаулық сақтау министрі ата-аналарды 12 жастан асқан балаларына вакцина салуға шақырды. Оң шешім – індеттің өршуін бөгейді», - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында. Бір аптада балалар арасында коронавирус жұқтыру деңгейі 1,3 есе өскен.
Індет қай өңірлерде өршіп тұр?
Нысаналы Ығыл, тілші:
Ауырған жалпы оқушылардың 10 пайызы Түркістан, Ақмола, Батыс, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары мен Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі. Ал сабақ оффлайн өтіп жатыр. Сондықтан санитарлық талаптардың қатаң сақталуы керек. Бұл міндетпен қатар мобильді бригадаларды көлікпен уақытылы қамту да әкімдерге жүктеліп отыр. Жалпы, жыл басынан бері 250 мың адам дертке шалдықты. Кейінгі аптадағы жағдайлардың орташа тәуліктік көрсеткіші 8 мыңға жетті. «Сары» аймақта Шымкент қаласы мен Қызылорда облысы тұр. Ал «жасыл» аймақта Түркістан облысы ғана. Қалған өңірлер қызыл аймақтар қатарында. Эпид аухалдың күрделілігін ескеріп, дәріханаларда қабынуға қарсы және қызуды түсіретін дәрілердің болуын, телемедицинаны кеңінен пайдаланып, ахуалдық орталықтардың жұмысын күшейту қажет. Ең маңыздысы – өз бетінше емделуге жол бермеу керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ – 2026: Франция жартылай финалға өтті
10.07.2026, 17:35
Ақмола облысында «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» тақырыбында дәрі оқылды
10.07.2026, 17:33
ШҚО-да «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтуде
10.07.2026, 17:30
Түркістан облысында астық орағы қыза түсті
10.07.2026, 17:28
Ел жаңалықтарына шолу
10.07.2026, 17:26
Шымкентте 4 мың азамат алимент төлемей жүр
10.07.2026, 17:24
Ресейде ЖОО түсу қиындады
10.07.2026, 17:22
Жапонияда тайфунға байланысты төтенше жағдай жарияланды
10.07.2026, 17:21